МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫНЫҢ МЕРЕЙТОЙЫ

11-12 қазан 2019 жылы Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында 40-жылдық мерейтойына арналған «Медицина мен фармацияның заманауи аспектілері: білім, ғылым және тәжірибе» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Ұйымдастыру комитеті, халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның қатысушылары мен ресми серіктестері (300-ге жуық делегат қатысты) аталған іс-шараның өсіп келе жатқан деңгейін, алыс және жақын шетелдерден қатысушылар санының артқанын атап өтті.

Ғылыми форумға ғылым және білім салаларындағы  ұзақжылдық ынтымақтастық қатынасындағы ауқымды ғылыми орталықтарының, ҒЗИ, Қазақстан, Ресей, Иран, Түркия, Германия, Польша, Чехия, АҚШ, Ұлыбритания, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінің медициналық ЖОО-дары, сондай-ақ денсаулық сақтауды басқару органдарының, медициналық ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Конференция басталар алдында мұражайдың ашылуы және ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен меморандумға қол қойылу өткізілді. 

1440 1

1440 2

1440 3

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысушыларына сәлемдесумен «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ-ның дара акционері, Түркістан облыстық маслихатының депутаты С.С. Сейтжанов, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының ректоры, профессор М.М. Рысбеков, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі О.А. Әбішев, Шымкент қаласының әкімі Е.Қ. Айтаханов, С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың ректоры Т.С. Нұрғожин, ТМД елдерінен және алыс шетелдерден келген қонақтар сөз сөйледі. 

1440 4

1440 5

1440 6

Пленарлық және секциялық отырыстарда сөз сөйледі:

Farshad Hosseini Shirazi - философия докторы (PhD), профессор, фармацевтикалық ғылыми-зерттеу орталығының президенті, Шахид Бехешти Медициналық университетінің Фармация мектебінің директоры,Тегеран, Иран (PhD, FRCIP. FmedEt).

Разумовский Алекс - Neuro Care мамандандырылған медициналық көмек жөніндегі вице-президенті, Нейросонология зерттеу тобының хатшысы (NSRG), Дүниежүзілік неврология Федерациясы (WFN), АҚШ

Раменская Галина Владиславовна - Фармация институтының директоры, Фармацевтика және токсикологиялық химия кафедрасының меңгерушісі, фарм.ғ.д., профессор, И.М.Сеченов атындағы Бірінші Мәскеу мемлекеттік медициналық университеті, Мәскеу қ., Ресей Федерациясы.

Дайнюс Павалькис - «Астана медицина университеті» КеАҚ ректоры, басқарма төрағасы.

Жуматаева Г.С., Репников В.В.- «MicroSolutions» ЖШС, Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан Республикасы, «Брукер» ЖШҚ, Мәскеу қ.,  Ресей Федерациясы.

Миррахимова Т.А.-Ташкент фармацевтикалық институты, Ташкент қ., Өзбекстан Республикасы.

Коновалов Д.А. - Пятигорск медициналық-фармацевтикалық институты-Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің ВолгММУ ФМБЖББМ филиалы, Пятигорск қ., Ресей Федерациясы; 

Карикеев Ж.К., Дооталиева С.Ч. - дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және медициналық техника департаменті, И. К. Ахунбаева атындағы Қырғыз мемлекеттік медициналық академиясы., Бішкек қ., Қырғызстан;

Кудашкина Н. В., Ибрагимова Г. Я. - Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің Башқұрт мемлекеттік ММУ-де ФМБЖББМ; 

Нармухамедова Н. А. - м.ғ. д., "Денсаулық-3" жобасының оқыту бойынша үйлестірушісі, Өзбекстандағы ДДҰ өкілдігі, Ташкент қ.;

Баймухамедов Ч.Т. - буындар ауруларының медициналық орталығы, Шымкент қ., Қазақстан;

Халилова Р.Х.– Ташкент теміржол көлігі инженерлері институтының профессоры, Өзбекстан және т. б. 

1440 7

Отырыстарда сөз сөйлегендер отандық медицина ғылымын дамытуда және шетелдік серіктес ЖОО-мен іскерлік байланыстарды нығайтуда конференцияның маңызды рөлін атап өтті, бұл ғылыми форум Қазақстанның бірқатар ірі іс-шараларының қатарында. 

1440 8 2

Қоғамдық денсаулық, денсаулық сақтау және клиникалық медицина мәселелерін зерттеуде ғалымдардың белсенділігі үнемі өсіп келе жатқаны байқалады. Алдыңғы конференциялар барысында басым бағыттар ретінде белгіленген ғылыми және тәжірибелік бағыттар бойынша айтарлықтай оң динамика бар:

ғылыми-зерттеу жұмыстарын қолдау үшін ғылыми жобалар, тағылымдамалар саны артты;

денсаулық сақтау мен медицинаны дамытудың өзекті мәселелеріне арналған ғылыми форумдар мен Интернет-конференциялардың саны артты;

халықтың денсаулығын сақтау және нығайту, медициналық көмекті жетілдіру мәселелері мемлекеттік демографиялық саясат пен ұлттық қауіпсіздіктің жалпы контекстінде қаралады;

ҚР БҒМ Ғылым комитеті, Қазақстанның медициналық жоғары оқу орындарының ғылым, технологиялар және инновациялар жөніндегі кеңестер арқылы өңірлік және республикалық деңгейлерде өзара және мемлекеттік билік органдарымен ғылыми бірлестіктердің өзара іс-қимыл жүйесі құрылуда.

Конференцияның екінші күні үлкен мәдени бағдарламамен аяқталды. Секциялық отырыстардың жеңімпаздары естелік сыйлықтармен марапатталды. Барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.

12.10.2019, 04:33
463 қаралым