«М.Дулатұлы - ұлттың даңқты тұлғасы» тақырыбындағы «дөңгелек үстел»

«Әлеуметтік-гуманитралық пәндер» кафедрасының ұйымдастыруымен Міржақып Дулатұлының туғанына 140 жыл толуына орай «М.Дулатұлы - ұлттың даңты тұлғасы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. 
«Әлеуметтік-гуманитаралық пәндер» кафедрасының меңгерушісі Аширов Шадияр Алдиярұлы алғы сөзді алып, дөңгелек үстелдің мазмұны, міндеті мен мақсаттары туралы таныстырды.
Дөңгелек үстелге Орталық Азия Инновациялық университетінің педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Майлыбаева Л.С және академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің «Тарих және құқық» кафедрасының доценті, т.ғ.к., Нартбаев Ш.Ж қатысты. 
Іс-шараның мақсаты -- қазақтың ұлы ақыны, жазушысы, ағартушысы және қоғам қайраткері Міржақып Дулатұлының өмірі мен шығармашылығын насихаттау, оның қазақ халқының мәдениеті мен әдебиетіндегі орнын көрсету. 
«Дөңгелек үстелде» Міржақып Дулатұлының өмірі мен шығармашылық мұрасы туралы білім алушылар баяндама жасады. «Медицина» мамандығының 2 курс студенті Уалбек Анель ақынның туған жері, білім алған мекемелері, сондай-ақ оның қазақ халқы үшін атқарған қоғамдық қызметі туралы тың ақпараттарды жеткізді. Ал, «Медицина» мамандығының 2 курс студенті Шегебай Аружан ақынның еңбектеріне шолу жасады. Ақынның «Оян, қазақ!» өлеңін «Медицина» мамандығының 2 курс студенті Қалықұл Нұрғали оқып берді. Сонымен қатар, Міржақып Дулатұлының 1909-1935 жылдардағы өмірі туралы түсірілген «Оян, қазақ!» телехикаясынан үзінді көрсетілді. Міржақып Дулатұлы туралы өмірінен қысқаша көрініс жасалынып, жасанды интелекттің көмегімен ақын өз өлеңін оқыды. «Медицина» мамандығының 2 курс студенті Абсали Ақерке «Заман-ай» әнін орындап, қатысушыларға рух беріп, көңілдерін көтерді.
Іс-шараға қатысушы қонақтар, ақынның ұлттық құндылықтарды дәріптейтін шығармаларын, өлеңдерін атап айтты. Міржақып Дулатұлының ұлт азаттығы жолындағы күресі талқыланды. Ақынның ұлтқа деген махаббаты, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған іс-шаралары мен қоғамдық көзқарастары егжей-тегжейлі баяндалды. «М.Дулатұлы – ұлттың даңқты тұлғасы» тақырыбында өткен дөңгелек үстел жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Бұл іс-шара Міржақып Дулатұлының өмірі мен шығармашылығын терең түсінуге мүмкіндік берді. Қатысушылар ұлы тұлғаның қазақ әдебиетіндегі орны, оның елдің болашағына қосқан үлесі туралы мол ақпарат алды. Іс-шараның нәтижесінде қатысушылар өздерінің білімдерін жетілдіріп, ұлт тарихына деген құрметтері одан әрі артты.

11.04.2025, 11:56
114 қаралым