«Лудоманияның алдын алу» тақырыбындағы мамандармен кездесу

2025 жылғы 14 сәуірде жастар арасында құмар ойындарға тәуелділіктің алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау және құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында ОҚМА-ның Психологиялық қызмет бөлімінің психолог-мамандары Әмірхан Е.А., Калмагамбетова Б.К. және Опышева А.Ж. «Лудоманияның алдын алу» тақырыбында кездесу өткізді.
Іс-шара барысында лудоманияның психологиялық, әлеуметтік және құқықтық аспектілері қарастырылды. Мамандар құмар ойындарға тәуелділіктің себептері мен салдары туралы ақпарат беріп, оның алдын алудың тиімді тәсілдерін ұсынды. Сондай-ақ бос уақытты ұйымдастыру, отбасылық тәрбие және құқықтық жауапкершілік мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу білім алушылардың құқықтық мәдениетін арттыруға, өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарауға және салауатты өмір салтын саналы түрде таңдауға ықпал етті.
Іс-шара қорытындысы бойынша осындай профилактикалық кездесулерді тұрақты түрде өткізу және жастар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын кеңейту қажеттілігі атап өтілді.

15.04.2025, 10:20
63 қаралым