Лудомания – қоғамның өзекті мәселесі

2024 жылғы 24 сәуірде сағат 11-00-де қазақ, латын және орыс тілдері кафедрасының орыс тілі курсымен "Лудоманияның алдын алу" тақырыбында Шымкент қаласы Дін істері басқармасының жетекші теологтар Бекеулов Серік Мадиханұлы, Рахымжан Абдувахидұлы, Шымкент қаласы Әл-Фараби АІІБ-ның полиция капитаны Бауыржан Аппазұлы Әділбаев, полиция майоры Әлия Нұрмахановалар 1 курс студенттер қауымымен кездесу өткізді
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде: "Соңғы жылдары елде құмар ойындарға тәуелділік байқалуда. Кейбір отбасылар үшін бұл үлкен қиындыққа айналды. Лудоманиямен күресте тәрбие жұмысына және түсіндіру жұмыстарына ерекше назар аудару керек", - деп атап өтті.
Өзгерген тағдырлар, қираған отбасылар - бұл біздің қоғамда терең тамыр жайғысы келетін әлеуметтік аурулардың нәтижесі. Қатысушыларға құмар ойындарға, лудоманияға бейімділік тудыратын қоғамдағы мәселелер туралы ескертіп айтты.
Іс-шараны қорытындылай келе, кафедра ұжымы теолог мамандарға, полиция қызметкерлеріне және белсенді қатысқан және тақырыпқа байланысты плакат дайындаған студенттерге алғысын білдірді.

26.04.2024, 13:02
98 қаралым