Лайықты жеңіс

 

593 1 1

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы елдің жетекші медициналық жоғары оқу орындарының бірі болып табылады, сонымен қатар, фармация саласында.

ЖОО  беделі аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігінің жариялаған 2015 жылғы ҚР ЖОО-ның мамандарды даярлаудың бағыттары мен деңгейлерінің рейтинг қорытындысының нәтижелерімен расталады. Қатысқан университеттердің жалпы саны 55 құрады. Саралау 4 индикаторлар бойынша жүзеге асырылды: "Дарынды студенттердің, оқытушылардың және зерттеушілердің жоғары шоғырлануы", “Академиялық ұтқырлық”, “Түлектердің бәсекеге қабілеттілігі”, “Маман оқытушылардың, магистранттар мен докторанттардың ғылыми басылымдарының бәсекеге қабілеттілігі”.

Осы статистика бойынша, ОҚМФА мамандарды даярлау бағыттары мен деңгейлеріне сәйкес бакалавриат және магистратураның білім беру бағдарламалары бойынша, бірінші орынды С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетіне жол беріп, 2 орынға ие болды. Сонымен қатар, ЖОО  жүлделі орындардың жалпы саны бойынша үздік 40-қа енді.  

Осылайша, жыл сайын Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы фармацевтикалық және медициналық білім беру нарығында өз ұстанымын берік сақтайды.

593 2 2

04.09.2015, 00:26
423 қаралым