Күйші, композитор Н.Тілендиевтің 100 жылдығына арналған тәрбие сағаты
Биыл – Қазақстанның Халық әртісі, күйші-композитор, дирижер, Халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл. Осыған орай «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының доцент м.а. О.А.Туребаев 1 курс «Фармация» факультетінің білім алушыларымен күйші, композитор Н.Тілендиевтің 100 жылдығына арналған тәрбие сағатын өткізді.
Мақсаты: Н. Тілендиевтің музыкалық шығармашылығы арқылы қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті мен өнерін қадірлеуге, жастарды ұлттық мұраны сақтап, дамытуға шақыру болып табылады.
Нұрғиса Тілендиев — қазақтың ұлы күйші-композиторы, дирижері және халық музыкасының майталман шебері. Ол 1925 жылы 1 сәуірде Алматы облысында дүниеге келіп, 1998 жылы дүниеден озды. Тілендиевтің шығармашылығы қазақ күй өнеріне жаңа тыныс, жаңашылдық әкелді. Оның еңбектері қазақ халқының музыкалық мәдениетінің алтын қорына айналды.
Студенттер Нұрғиса Тілендиевтің өмірі мен шығармашылығы жайлы баяндамаларын оқып, күйлерін шертті.
Қорыта айтқанда бұл іс-шара Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылығын жастар арасында насихаттап, оның ұлттық музыкадағы орны мен рөлін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл іс-шара ұлттық құндылықтарды, өнерді сақтап, жастарға патриоттық тәрбие беру жолындағы маңызды қадам болып табылады.
