КРИКЕТ ОЙЫНЫ – ДЕНСАУЛЫҚ ПЕН БІРЛІККЕ ЖОЛ

2025 жылғы 26 және 27 сәуір күні Халықаралық деканаты мен Дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен «ОҚМА» АҚ алыс шетел білім алушылары арасында крикет ойынынан жарыс сәтті өтті. Жарысқа қатысқан топтар өздерінің шеберлігімен, ұйымшылдығымен және жеңіске деген құлшынысымен көзге түсті.
Жарыстың мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, спорт арқылы білім алушылар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайту.
Жарысқа 10 команда, 150 білім алушы қатысты.
Ойын барысында командалар өзара әділ әрі қызықты бәсекеде бақ сынасты.
Жеңімпаз команда –І орын- «Kashimiri Stalions», ІІ орын- «Mewat Royals», ІІІ орын - Тitans лайықты жеңісіне жетіп, ақшалай және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Ал барлық қатысушыларға белсенділігі үшін алғыс айтылып, көтеріңкі көңіл-күй сыйланды.
Осындай спорттық іс-шаралар жастардың физикалық ғана емес, рухани тұрғыдан да дамуына ықпал етеді. Келесі кездесулерде жолығайық!

28.04.2025, 17:15
97 қаралым