Конференция

28.03.2025 ж. ШЖО базасында атеросклерозға және липопротеинді (а) хабардар ету күніне арналған конференция өткізілді. ЖТД -3 кафедрасының ассистенті РФ м.ғ. к. Е.А Шуашева 23-23 топ интерндерімен бірге конференция жұмысына белсенді қатысты. Аталған іс-шарада Шымкент қаласы мен Түркістан облысындағы кардиолипидологиялық қызметтің қорытындысы шығарылды. Шуашева Елизавета Әбілғазықызы халықтың денсаулығын жақсарту жөніндегі жалпы мақсаттарға қол жеткізудегі кәсібилігі, бастамашылығы және баға жетпес еңбегі үшін алғыс алды, атеросклероз апталығын ұйымдастыруға және өткізуге белсенді үлес қосқаны және қатысқаны үшін Астана Қаласының Ұлттық Ғылыми Кардиохирургиялық Орталығы жанындағы Қазақстандық Атеросклероз Қоғамының грамотасымен марапатталды.

01.04.2025, 16:07
83 қаралым