Колин Уайтхэдтің қатысуымен өткізілген іс-шаралар
Шет тілдері кафедрасы меңгерушісінің А.С. Сайфутдинованың бастамасымен, Ұлы Британияның Ньюкасл университетінің аға оқытушысы Колин Уайтхэд шақырылған болатын. Өткізілетін іс-шаралардың жоспары, дөңгелек үстел, оқу-әдістемелік семинар және тәжірибе алмасу, ЖОО шет тілдерін оқыту инновациялық әдістерімен оқытуды талқылау және кафедрамен танысу, әр-түрлі коммуникативті дағдыларды - сөйлеу,оқу, тыңдап-түсіну - басты мақсаттары болып табылған.
Шет тілдері кафедрасында К.Уайтхэд студенттер және оқытушылармен бірігіп 7.04.2015ж. – 8.04.2015ж. аралығында өткізілген іс-шаралар:

| 
 Күндері 
  | 
 Уақыты  | 
 Іс-шаралар  | 
 Қысқаша сипаттамасы  | 
| 
 3 сәуір  | 
 9:00-11:00  | 
 Дөңгелек үстел/ кафедрамен танысу  | 
 Кафедра ұжымымен және студенттермен танысып,сұқбаттасу.  | 
| 
 7 сәуір  | 
 9:00-10:00  | 
 Коммуникативті дағдыларды: сөйлеу,оқу, тыңдап-түсіну және сыни ойлау қабілеттерін дамыту бойынша дәріс беру.  | 
 Ұлы Британияның университеттерінің оқу үдерісін және ағылшындардың салт-дәстүрлерін талқылау барысында студенттер зор қызығушылық білдіруде.  | 

 
| 
 7 сәуір  | 
 10:00-11:30  | 
 Семинар-студенттерді ағылшын тілінде сөйлеуге қалай үйрету керек.  | 
 К.Уайтхэд оқытушылармен бірнеше тапсырмаларды орындауда, студенттердің тілдік мәселелерін қайсы әдістермен шешу керек екендігін өз тәжірибесімен бөлісуде.  | 

 
| 
 8 сәуір  | 
 11:00-12:30  | 
 Оқытушылармен тәжірибе алмасу семинар-сабақ жүргізу.  | 
 Шетел студенттеріне ағылшын тілін үйретудегі тәжірибесімен алмасу. Сараптамашы- бақылаушының студенттердің білімін дұрыс бағалау және мадақтау.  | 


 
                                934 қаралым
                            