«Кітап – білім бұлағы»
2025 жылдың 1 сәуірі күні қазақ тілі мен әдебиеті апталығының жоспары бойынша «Кітап – білім бұлағы» тақырыбы аясында колледждің 3-ші ғимаратының кітапханасында кітап оқу күні өтті.
Іс-шара барысында Бейімбет Майлиннің «Шұғаның белгісі» романы талқыланды. Бұл роман қазақ әдебиетінің айшықты шығармаларының бірі болып табылады. Кітап оқу күнінің мақсаты – білім алушылардың қазақ әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру, Бейімбет Майлиннің шығармашылығымен таныстыру, сондай-ақ, қазақ әдебиетінің мән-мағынасын ұғындыру. Алғашқы сөзді медицина колледжінің директоры Кушкарова Алтыншаш Мукаметкалиевнаға сөз берілді. Іс-шара барысында кітапханашы Қуанышбекова Еркежан Азимханқызы осы шараның ұйымдастырылуына үлес қосып, кітап оқу мәдениетінің маңыздылығына тоқталды. Іс-шара өте қызықты өтті, қатысушылардың пікірлері мен талқылаулары шығарманы тереңірек түсінуге мүмкіндік берді. Осылайша, кітап оқу күні білім алушылар мен оқытушылар арасында әдебиетке деген қызығушылықты арттырып, қазақ әдебиетінің рухани байлығын бағалауға жол ашты.
