«Кибербуллинг» тақырыбында жүргізілген тәрбие сағаты

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының «Жалпы тәжірибелік дәрігер-2» кафедрасының ІЖТДҚ-03-23 топ интерн-дәрігерлерімен «Кибербуллинг»тақырыбында тәрбие сағаты 24.02.2025 ж,Шымкент қаласында орналасқан Қ.Сыпатаев атындағы №7 IT мектеп-лицейіне барып,онда тәрбие сағатына сәйкес түсіндірме жұмыстары мен кері байланыс ұйымдастырылды.
Тәрбие сағатына сәйкес сұрақ-жауап жасалды.Ары қарай буллинг және кибербуллинг туралы ойларын білдік.Жасөспірімдер арасындағы қорлау,мазақтау,жағдайының алдын алу және бір-біріне қолдау білдіруді түсіндірдік.Іс-шара өте қызықты өтті.Балалардың түрлі қырын ашып,олармен жақын вербальды контактіге түсуге мүмкіндік алдық.Балалар мен мектеп психологының ыстық ықыласы мен алғысына бөленіп,көңіліміз бір марқайып қалды.
Бір ғасырдан аса тарихы бар оқу орнына бүгінде Алмаханқызы Раушан басшылық етеді және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары (ДОІЖО) Сүлеймен Мейрамкүл Садырәліқызы, 10,8,7 сынып жетекшілерімен,мектеп психологы Байсеитова Нүргүлмен бірлесіп жұмыс жасадық.Мектеп директоры Раушан Алмаханқызының ұсынысымен алдағы уақытта бірлесіп тығыз байланыс орнатып,жастардың болашағы жарқын болуы үшін арнайы жобалар жасалынатын болады.Балалардың жаны мен тәнінің саулығын ойлай осындай іс-шараларды қолдайтын оқу орнының басшылары жастардың бұл бастамасын жоғары бағалап отыр және осы орайда мектеп директоры Раушан Алмаханқызына алғысымызды білдіреміз. Жастардың бұл әрекеттері алдағы уақытта да жалғасын таба беретіндігін айтып, жалпы, қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысып жүрген жастардың болашағынан үлкен үміт күтетінін жасырмады.
«Жаны саудың тәні сау» деген қағидаға сүйенген интерн-дәрігерлерді бұл мекемеге аталған кафедраның ассистенті Таскынова Мая Адилбековна бастап барды. Олар алдымен ондағы басшылармен,мұғалімдермен ашық-жарқын сұхбат жүргізіп, медицина саласына қызығушылығы бар өрендерге бұл саланың ерекшеліктері, қоғамға тигізер пайдасы туралы әңгімеледі. Мектеп бітіруші түлектерге болашақта жақсы мамандық таңдау, оның ішінде медицина мамандығының артықшылықтары туралы айтып берді. Дәрігерлік шеберлік, пациенттермен мәдениетті қарым-қатынас жасау, медицина кәсіби іс-әрекеттер жайында кеңінен мағлұмат берді.

26.02.2025, 10:45
213 қаралым