Кафедра оқытушыларының марапаты

Туркияның Казақстандағы Құрметті Консулы , Дүние жүзі «Ахыска» түріктерінің Қазақстандағы төрағасы, Шымкент қаласындағы «Ахыска» түрік этно мәдени орталығының төрағасы - Асанов Латипша мырза, Қазақстан халқы Ассамблеясының – 30 жылдығына орай «Қазақстан халқы Ассамблеясы – татулық пен бірліктің кепілі» аясында қайырымдылықты, рухани бірлікті, достық пен этносаралық ынтымақтастықты нығайтудың гуманистік мұраттарына қосқан белсенділіктері үшін «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының меңгерушісі Ж.О.Нуржанбаева, аға оқытушылар А.Ж.Ибраимова мен А.Ә.Мырзазияны

Тeşekkür Belgesi және доцент м.а. Г.С.Айдарбекова мен аға оқытушылар А.А.Беккулова мен Л.Т.Махатовалар Алғыс хаттармен марапаттады.
Кездесу барысында қазақ және түркі тектес ұлттар арасындағы бауырластық, ғылым мен мәдениет қарым- қатынастарын нығайту бойынша сөз қозғалды. ОҚМА-ң білім алушылары мен кафедра оқытушылары Туркия Республикасынының жоғары оқу орындарымен өзара білім алмасулары жөнінде ұсыныстар айтылды.
Достық мен сыйластықты басты құндылық ретінде дәріптеуді мақсат тұтқан жиындар еліміздегі қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға жағымды әсер етері сөзсіз.

Құрметті әріптестер марапат құтты болсын!

18.02.2025, 09:43
169 қаралым