Көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы
2019 жылдың 27 ақпан күні Шымкент қаласы Тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Оқушылар сарайында «Көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы» өтті.
Оқу орнымызда өткен көркемсөз байқауының жеңімпазы Кахраманова Майра академия намысын қалалық деңгейде қорғап шықты. 50-ден аса үміткер өтініш білдіріп, іріктеуден 12-сі ғана өткен қатысушылар 3 кезең бойынша бақ сынасты.
Әділ қазылар алқасының құрамында белгілі ақындар мен жазушылар, блогерлер, театр қызметкерлері болды. Шығармаларын тақырыпқа сәйкес орындап, үш кезеңнен сүрінбей өткен Майра жүлделі ІІІ орынды иеленді.
01.03.2019,
23:02
