III – BLITZ ШАХМАТ ТУРНИРІ
2025 жылдың 14 ақпан күні «Инженерлік пәндер» кафедрасының ұйымдастыруымен Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы мен Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» БББ білім алушыларының арасында «BLITZ» шахмат турнирі өткізілді. Ойынға қатысқан 12 қатысушы өз страгеясын, ақыл-ойын, шешім қабылдаудағы жылдамдығын көрсетуге тырысты.
Турнир барысында әрбір ойыншының өзіне тән стилі мен ойлау ерекшеліктері байқалды: кей ойыншылар шабуылда жақсы, ал басқалары қорғаныста мықты. Эмоцияға толы бұл турнирде:
I-дәрежелі орынды В-ФӨТО-06-23 топ студенті Ирисметов Улугбек Бахрамжанович;
II-дәрежелі орынды В-ФӨТҚБ-03-24 топ студенті Үсен Ернұр Нұржанұлы;
III-дәрежелі орынды В-ФӨТО-06-23 топ студенті Тайфуров Азиз Абдуллаұлы иеленді.
Ең мықты тактика номинациясын Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің 1 курс студенті Маратбекұлы Жеңісбек, стратег номинациясын В-ФӨТҚА-03-23 топ студенті Жақсыбай Шолпан Сапарбекқызы, ең мықты қорғаныс жүйесі номинациясын В-ФӨТҚА-03-23 топ студенті Лес Асхат Мейрамбекұлы, ең жылдам мат номинациясын В-ФӨТҚА-03-21 топ студенті Нұрмаханбетұлы Аллаберген иеленді. Бейсенбек Д.М., Шарип О.Ф., Нұркенұлы С, Сатибалдиев З.Н., Аяпбергенов Т белсенді қатысқандары үшін сертификатпен марапатталды.
Турнирдің ашылуына келген «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы Беккулова А.А., «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы Қаратаева Ф.М., Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінен келген аға оқытушы Бидайбек Р.Н. алғысымызды айтамыз.
Шахмат турниріне спонсор болған Maxpharm Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі Көтерме компаниясына алғыс!!🏆
