"Ғылым – прогресс драйвері" атты семинар өтті

2025 жылғы 16 сәуірде «ОҚМА» АҚ-ның бас корпусының 315-дәріс залын ғылым күніне орай «Ғылым – прогресс драйвері» атты семинар өтті. Іс-шараға білімге, жаңашылдыққа және зерттеулерге қызығушылық танытқан студенттер, докторанттар, оқытушылар мен жас ғалымдар қатысты.
Семинар жас зерттеушілер мен тәжірибелі ғалымдар арасындағы диалог алаңына айналды. Қатысушылар ғылымдағы қазіргі заманғы сын-тегеуріндерді, цифрландыру жағдайындағы ғылымның трансформациялану келешегін және заманауи мәселелерді шешудегі креативті тәсілдердің маңыздылығын талқылады.
Іс-шараның мақсаты – жастардың ғылыми қызметке қызығушылығын арттыру, академиялық және кәсіби өсу мүмкіндіктерін көрсету, сондай-ақ ғылымның қоғам дамуы үшін маңызды құрал ретіндегі рөлін айқындау болды.
Баяндамашылар:
• Елжан Амантайұлы Біртанов – медицина ғылымдарының докторы, жобаның жетекшісі. Денсаулық сақтау саласындағы ғылымның рөлі туралы ойларымен бөлісті;
• Акерке Төребекқызы Ауанасова – PhD доктор, «Жүрек орталығы» АҚ-ның ғылыми бөлімінің бас менеджері. Биомедицинадағы ғылыми трендтер мен пәнаралық тәсілдердің маңыздылығы жөнінде баяндама жасады;
• Диляфруз Ғаниқызы Болатова – PhD докторант, коммерцияландыру және жобаларды басқару кеңсесінің менеджері. Ғылыми идеяларды индустрия мен бизнеске енгізу жолдарын ұсынды.
Семинар барысында қатысушылар белсенді түрде сұрақ қойып, пікір алмасып, ғылыми ынтымақтастықтың келешегін, мотивация көздерін және ғылыми жобаларды іске асыру тетіктерін талқылады.
Іс-шара соңында қатысушылар естелік суретке түсіп, ұйымдастырушыларға шабыттандыратын әрі мазмұнды кездесу үшін алғыстарын білдірді.
«ОҚМА» АҚ барлық қатысушыларға, спикерлерге және қонақтарға алғысын білдіреді. Мұндай іс-шаралар ғылыми мәдениетті дамытуға, жастардың зерттеулерге деген қызығушылығын арттыруға және кәсіби өсуге ықпал ететініне сенімдіміз.

17.04.2025, 12:55
101 қаралым