Фармация және медицина факультеттерінде «Гемблинг тәуелділігі - Ойынға құмарлық» тақырыбындағы кездесу болып өтті

2025 жылдың 11-17 наурыз күндері «Психологиялық қызметтің» ұйымдастыруымен, «Гемблинг тәуелділігі-Ойынға құмарлық» тақырыбындағы кездесу болып өтті. Кездесуде Психологиялық қызмет меңгерушісі Б.К.Калмагамбетова және академия психологы Әмірхан Е.Ә. түсіндіру жұмысын жүргізіп, лудоманияның қазіргі таңда қауіпті кеселдің біріне айналып келе жатқанына тоқталып, оның зияны мен адам өміріне тигізер қауіп-қатері жөнінде өз пікірін ортаға салды. Академия психолгы, сонымен қатар, жастарға лудоманияға ұшыраған жастардың басынан өткен оқиғаларды баяндады.Студент жастар тарапынан лудаманияға қатысты сұрақтар қойылып қызу талқыланды және лудаманияға қарсы тест алынды.

17.03.2025, 16:54
79 қаралым