«ФАРМАЦИЯ ІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ» КАФЕДРАСЫ БИНАРЛЫҚ ДӘРІС ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ
«Фармация ісін ұйымдастыру және басқару» кафедрасының 2024-2025 оқу жылының жоспарына сәйкес, 2025 жылдың 12 наурызында 6В10106-«Фармация» білім беру бағдарламасының 4-курс білім алушыларына «Фармацияны басқару және экономика-2» пәні бойынша «Еңбек және жалақы есебі» тақырыбында ашық бинарлық дәріс өткізу жоспарланған. Дәрісте практикалық мамандар: «ОҚМА» АҚ-ның аға бухгалтері Сауркова Майра Ахатжапбарқызы, Туркістан облысы мен Шымкент қаласы фармацевтикалық қызметтерді қолдау ассоциациясының директоры Альжанова Хадиша Дербисовна қатысты.
Бинарлық дәрістің мақсаты – білім алушыларды ойлау процесіне белсене тарту және олардың жүйелі ойлау қабілетін дамыту. Практикалық мамандарды тарту арқылы: мекеменің бухгалтері мен фармацевтикалық практика маманы дәрістің оқу материалын меңгеру сапасын арттыруға, сондай-ақ танымдық қызметті белсендіруге ықпал етеді, бұл заманауи фармацевт маманын даярлау үшін маңызды.
Утегенова Г.И. фармацевтикалық ұйымдардағы еңбек және жалақы мәселелерін, Қазақстан Республикасында еңбек қатынастарын құқықтық реттеу туралы негізгі ережелерді егжей-тегжейлі баяндады. «ЮКМА» АҚ-ның аға бухгалтері Сауркова М.А. білім алушыларға жалақыны есептеу және жалақылардан ұсталатын міндетті төлемдерін көрсетті. Ал фармацевтикалық саласындағы жұмысшылар мен жұмыс берушілер арасындағы еңбек қатынастары мәселелері туралы Альжанова Х.Д. баяндады.
Бинарлық дәріске оқу-әдістемелік орталығының аға әдіскері Алдабергенова Г.С., АК мүшелері: Анарбаева Р.М., Мамытбаева К.Ж., Шимирова Ж.К. және басқалары қатысты.
Сонымен, ОҚМА оқытушылары мен практикалық маманның диалог түрінде өткізілген бинарлық дәріс оқыту үрдісінде инновациялық әдіс болып табылады және қазіргі заманмен байланысын түсінуге болады.
