Фармация факультетінің 1-курс білім алушыларына түсіндірме жұмыстары
07-ақпан 2025 ж. академия акт залында «Фармация» факультеті «Фармация» БББ және «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» БББ бойынша оқитын 1 курс білім алушыларына деканат қызметкерлері мен студенттік өзін-өзі басқару ұйымының өкілдерімен кездесу өтті. Кездесу барында білім алушыларға сабақ оқу ережелері, аралық бақылау №1, №2 тапсыру, емтихандық сессия тапсыру және FX, F, бағалары және ОҚМА-да үлгерімнің GPA бойынша 1-2 курсқа (2,0) көшірудің өтпелі балдары туралы айтылды. Сонымен білім алушыларға «ОҚМА-сыбайлас жемқорлықтан тыс» сауалнамасын Platonus бағдарламасында 10-ақпан 2025 ж. дейін өту керек ескені ескертілді.
12.02.2025,
14:48
