«ЭКО-ФАРМ» БАЗАСЫНДА «ФАРМАЦИЯ» БІЛІМ БЕРІМ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫН ДУАЛЬДЫ ОҚЫТУ

ОҚМА мен «Эко-Фарм» ЖШС ынтымақтастығы аясында «Фармакогнозия-2» пәні бойынша «Фармация» білім беру бағдарламасының 3 курс В-ФО-03-21 тобының студентерін дуальды оқыту жүзеге асырылды.

«Эко-Фарм» фармацевтикалық компаниясы жанындағы «BioEtica» ЖШС сынақ орталығының физика-химиялық зертханасының меңгерушісі Сұлтанбекова Сәуле Төрегелдіқызы дәрілік өсімдік шикізатының сапасын бақылау бойынша ақпараттармен бөлісіп, құрылғылардың жұмыс жасау механизмін түсіндірді.
Дуальды оқыту барысында білім алушыларды стандарттау жүйесі туралы білімін қалыптастыру, дәрілік өсімдік сапасын реттейтін нормативтік құжаттармен таныстыру.

Дуальды оқыту барысында білім алушыларға дәрілік өсімдік шикізатын талдаудың әртүрлі түрлерін жүргізу процестерімен, атап айтқанда тауарлық талдау, фармакогностикалық, фитохимиялық талдауларды талқыланды.
Дәрілік өсімдік шикізатын талдаудың тауарлық түрі нормативтік құжаттама талаптарына сәйкес өнімнің сапасы мен түпнұсқалығын бағалауға мүмкіндік беретін шикізатты талдаудың ең толық түрі болып табылады.
Оқыту барысында дәрілік өсімдік шикізатының құрамындағы биологиялық белсенді заттардың мөлшері, ылғалдылық дәрежесі, жалрпы күл, 10% HCl -да ерімейтін күл мөлшері қарастырылды.

Білім алушылар «Эко-Фарм» компаниясының аналитикалық кабинеттерінің жоғары технологиялық ұйымдастырылуымен танысты. Agilent фирмасының 1260 Infinity маркалы маркалы жоғары эффективті сұйықтық хроматографымен жұмыс жасау принципі түсіндірілді.

Оптико-эмиссиондық спектрометр көмегімен білім алушылар дәрілік өсімдік шикізаты құрамындағы макро- және микроэлементтерді анықтауды үйренді.

Сонымен қатар Гинзберг аппараты, газды хроматорграф медициналық бұйымдардың сапасын бағалауға арналған құрылғылар білім алушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Және СФ-2000 спектрофотометрінде жұмыс жасау барысы қарастырылды.

«Эко-Фарм» ЖШС дәрілік өсімдік шикізатының сапасын бағалаудан басқа, қан жинауға және сақтауға арналған бір реттік стерильді вакуумдық түтіктер, стерильді екі жақты медициналық инелер және бір реттік ине сияқты медициналық өнімдерді өндіру және таратумен айналысады. «AVATUBE» сауда белгісінің иелері; травматологияда және ортопедияда иммобилизациялық таңғыштарды қалыптастыру және тірек-қимыл аппаратының әртүрлі сегменттерін ортопедиялық түзету үшін қолданылатын полиуретанды ортопедиялық таңғыштар мен «Marai» шиналары өндірісте шығарады.
Осылайша, дуальды оқыту жүйесі болашақ кадрларға теориялық дайындықтың жоғары деңгейін сақтай отырып, практикалық дағдыларын жетілдіруге көмектеседі.

03.05.2024, 12:38
82 қаралым