«Досыңа кітап сыйла» челлендж

2025 жылдың 10 ақпан күні ОҚМА АҚ медицина колледжінің Жалпы білім беретін пәндер кафедрасының оқытушылары Ж.С. Сарымсакова, А.А.Исабекова және Кітапханалық ақпараттық орталығының қызметкерлерімен бірлесе отырып, білім алушылар арасында бір-біріне өздерінің оқыған кітаптарын насихаттап, «Досыңа кітап сыйла» атты челленджін өткізді.
Қазақ халқының ұлы ақын жазушыларының кітаптары, даналық ой пікірлері талқыланып, кітаптың адам өміріндегі ролі, білім мен мәдениеттің қайнар көзі екендігі жөнінде сөз қозғады. Сүйікті шығармалары туралы айтып, оқыған кітаптары жайында өз әсерлерімен бөлісіп, бір-біріне кітап сыйлады.
Кітапханалық ақпараттық орталығының басшысы Дарбичева Раушан Искаковна мен колледж оқу залының кітапханашысы Куанышбекова Еркежан Азимхановнада сөз сөйлеп, барлық білім алушаларға алғысын білдіріп, достар арасындағы сыйластықтың көрінісі ретінде кітап сыйлау үрдісін қалыптастыру керектігін айтып, көркем әдеби кітаптарын сыйлады.
Мақсаты – кітаптың құдіретін арттырып, оқуға деген сүйіспеншілігін ояту. Кітап жақсы дос, рухани азық. Сондықтан да бір-бірімізге сүйіспеншілікпен кітаптар сыйлайық!

13.02.2025, 10:57
258 қаралым