Дойбыдан жарыс өтті
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында Дүниежүзілік денсаулық сақтау күніне орай Дене тәрбиесі орталығы мен интерн білім алушысы ИЖТД -30-24 Д.А. Өстемірдің ұйымдастыруымен дойбыдан жарыс өткізді.
Іс-шараның мақсаты салауатты өмір салтын ұстану, үстел- үсті спорттық ойын түрлеріне қызығушылықтарын арттыру, береке-бірлік ынтымақты жарастыру.
Сайыста 36 білім алушы сынға түсті. Үміткерлерге Дене тәрбиесі орталығының ұжымы төрелік етті.
Жарыс қорытындысы бойынша І-орынды Муминходжаев А. ВМ-СОБ-05-23, ІІ- орынды Жақсылық М. ВМ-МҚА-01-23, ІІІ-орынды Бәжен С. ВМ-МҚБ-01-23 жеңіп алды.
Ұйымдастырылған іс-шара барлық қатысушыларға тамаша көңіл-күй сыйлап, жағымды әсер берді.
14.04.2025,
13:28
