Денсаулық – зор байлық!

 

595 1 1

2015 жылдың 1-7 қыркүйек  аралығында Жастар  денсаулық  орталығының  ұйымдастыруымен биохимия, биология  және  микробиология  кафедрасында  401, 402 МПІ тобының   студенттері арасында  өмірлік  құндылықтар (денсаулық, отбасы, жұмыс, оқу, махаббат және  т.б.) туралы, салауатты өмір салтын, жауапты  қауіпсіз  мінез – құлық  дағдыларын  қалыптастыру   мақсатында «Менің  байлығым – менің отбасым!»  ұранымен «Денсаулық  сабақтары»  атты  тақырыпта  дөңгелек  үстел өткізілді.

Осы дөңгелек үстел өткізу барысында студенттер арасында денсаулық және отбасы өмірдің құндылығы екендігі айтылды. 

Кез-келген адам салауатты өмір салтын  ұстануы керек. Бұл дегеніміз зиянды әдеттерден тыйылумен қатар фаст-фуд тәріздес пайдасынан гөрі зияны көбірек тағамдардан бас тарту, спортпен шұғылдану керек.

595 2 2

Мұғалім оған қоса өмірдің мәні мен махаббат туралы мәселелерді қозғады. «Біз не үшін өмір сүріп жатырмыз?» деп кез келген адам ойланары анық. Өмірдің мәні бұл адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен махаббаты. Ал махаббаттың ең көркем  нәтижесі - отбасы құру. Сондықтан осы мақсатқа жету - әрбір адамның негізгі парызы, яғни болашақта бәріміз үлгілі отбасы құруды басты қағида етуіміз керек. Осымен біздің дөңгелек үстеліміз өз соңына жетті.

Жастар денсаулық  орталығы.

09.09.2015, 22:27
383 қаралым