«ДӘСТҮРІҢДІ ДӘРІПТЕ» интеллектуальды іс-шарасы өтті

28 наурыз күні Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы әлеуметтік мәселелер, жастар саясаты басқармасы және дәрілер технологиясы кафедрасының Ұлыстың Ұлы күні Әз Наурыз мерекесіне арнап ұйымдастырған «Дәстүріңді дәріпте» интеллектуальды іс-шарасы өткізілді. Фармация факультеті студенттерінен құралған 3 топтық сайыс мүшелері ұлттық өнерлерімен, ұлттық дәстүрлерге қанықтығымен, қазақтың әдеп-салтын білу бойынша викториналық сұрақтарда жүйріктігімен сыналды. Сайыс нәтижесінде қатысушылар Алғыс хаттармен марапатталып, Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасы арнайы сыйлығымен құттықтады. Қатысушылар өздері дайындаған әр түрлі ұлттық тағамдар ұсынды, ұлттық би мен жақсы әндер тыңдалды. Іс-шара өте қызықты,жоғары көңіл-күймен өтті.

28.03.2024, 17:07
146 қаралым