«Дәрігердің бір күндік өмірі » атты студенттердің болашақ мамандық иелерінің өмірімен, жұмысымен таныстыру.
Қоғамның ең басты құндылығы адам дейтін болсақ, барша қоғамның алдындағы өзекті мәселенің бірі – азаматтардың денсаулығын сақтау болып табылады. Ал медицина саласын таңдап, «дәрігер» деген құдіреті мен мәртебесі мол кәсіптің құпияларын жүзеге асыру, халықтың алғысы мен қуанышына бөленіп, өз еңбегінің нәтижесі мен жемісін көру үшін медицина мамандарынан ең алдымен біліктілік, мамандығын жақсы меңгеру талап етілетіндігі айтпаса да түсінікті.
Дәрігер мамандығы бүкіл адамзат жан дүниесінің өшпес абзал құбылыстарын бақылау мен бағалау – адамға деген шексіз сүйіспеншілік, қайырымдылық, өзгенің қамы деп соғатын ыстық жүректі ізгі ниет пен адамгершілікті қажет ететіні сөзсіз. Сондықтан да қоғамдағы өзге мамандықтар ішінде адам өіміріне араша болатын дәрігерлердің еңбегі ерен.
Кафедрамызда В-ЖМАА-11-21 топ білім алушылары өздерінің болашақта қандай дәрігер иесі болғысы келетіндігі жайлы презентация дайындап дөңгелек үстел өткізілді.
Дәрігер деген – кең ұғым, қастерлі мамандық. Бағалай білген кісілерге медицина қызметкерлерінің тұғыры таймас биік шың.Жалпы медицина қызметкері болу адамға денсаулық, тіпті кейде өмір сыйлау деген сөз іспетті. Бұл мамандық иелерінің жауапкершілігі де мол, атқаратын жұмыстары да ауқымды.
Аурудың жасқа да, кәріге де қарамастан, ұрымтал жерден соға беретіні ақиқат. Сондықтан ине мен пышақты өмірлеріне серік еткен ақ халатты, алтын қолды дәрігерлер қауымына бесіктегі баладан төрдегі қартқа дейінгі адамдардың айтар алғысы шексіз екендігіне ешқандай шүбә жоқ.
Қиналғанда көмек сұрап, ауырғанда шипа іздеп алдына барған кез келген науқасқа қолдау көрсететін, өмірлеріне қауіп төнген сәтте араша түсіп, тіпті кейде екінші рет өмір сыйлап жататын ақ желеңді абзал жандар. Олар денсаулық сақтау саласында аянбай тер төгіп, ұзақ жылдар бойы жемісті еңбек етіп қана қоймай, халықтың ықыласына бөленген мейірімді жандар. Шынында дәрігер болу – үлкен мәртебе. Мамандықтың бәрі жақсы, дегенмен дәрігер мамандағының қиын болса да, абыройлы да, қастерлі жақтары көп екендігін ескерген жөн.
