Бұхара мемлекеттік медицина институты делегациясының ОҚМА-ға сапары

2023 жылғы 7 желтоқсанда Бұхара мемлекеттік медицина институтының фармакология кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы ОҚМА ректоры, профессор М. Рысбековпен кездесті, делегация құрамында кафедра меңгерушісі, м.ғ.д., доцент Юлдашева Д. Х., доцент Мусаева Д. М., оқытушы, фармация магистрі Самадов Б. Ш. (Бұхара, Өзбекстан) болды.
Сапар ОҚМА-да өткізілетін Жас ғалымдар мен студенттердің І Халықаралық форумы аясында іске асырылды, форумда ЖОО серіктес делегациясы өте белсенді қатысты.

Кездесу барысында ЖОО-дар арасындағы ғылыми-зерттеу жұмысы, оқытушылардың академиялық ұтқырлығы, ПОҚ мен білім алушылардың академиялық ұтқырлығын іске асыру, білім алушылардың оқу орындарында тағылымдамадан өтуін қамтамасыз ету, сондай-ақ бірлескен ғылыми жобалар мен бағдарламалар саласындағы одан әрі ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Қазіргі уақытта БММИ-мен "Жалпы медицина" мамандығы бойынша бірлескен білім беру бағдарламасы жүзеге асырылуда.

08.12.2023, 12:07
160 қаралым