Бітіруші түлек дәрігер-интерндермен Қорытынды аттестацияға дайындық жұмыстары бойынша жиналыс

06.02.2025 жылы «Интернатура және бітірушілерді жұмысқа орналастыру деканытының» ұйымдастыруымен «Жалпы медицина», «Педиатрия» және «Стоматология» білім беру бағдарламалары бойынша бітіруші түлектердің, кафедра меңгерушілері, кафедра профессор оқытушы құрамының, топ тәлімгерлердің қатысуымен Қорытынды аттестацияға дайындық жұмыстары бойынша жиналыс өткізілді.
Жиналыстың мақсаты: Бітіруші дәрігер-интерндерге «Ұлттық тәуелсіз емтихан орталығында» тапсыратын қорытынды аттестацияның биылғы енгізілген өзгерістерін, ережелерін түсіндіру.
Аталған жиналыста алғы сөз «Интернатура және бітірушілерді жұмысқа орналастыру деканытының» деканы, PhD К.С.Кемельбековке берілді. Декан өз сөзінде дәрігер-интерндерге жиналыстың негізгі күн тәртібіндегі мәселерін таныстырды. Әрі қарай, дәрігер-интерндерге «Ұлттық тәуелсіз емтихан орталығында» тапсыратын қорытынды аттестацияның биылғы енгізілген өзгерістерін, ережелерін толық және жан-жақты түсіндірді. Баяндама соңында сөз кезегі декан орынбасары А.Р.Сабуровқа берілді. А.Р.Сабуров дәрігер-интерндерге Қорытынды аттестацияға дайындық жұмыстары бойынша қосымша ақпараттар берді. Жиналыс соңында сұрақтар қой мақсатында дәрігер-интерндерге сөз берілді. Сұрақтар қойылып, жауаптар берілді.
Жиналыс соңында дәрігер-интерндер түсіндірме жұмыстары бойынша деканатқа алғыстарын білдірді.

07.02.2025, 13:25
202 қаралым