«БІЛІМ БЕРУ МЕН ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ СИНЕРГИЯ: МЕДИЦИНАЛЫҚ КАДРЛАРДЫ ДАЯРЛАУДЫ ЖАҚСАРТУ ЖОЛДАРЫ»

2025 жылғы 23 қаңтарда «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ-да «Білім беру мен денсаулық сақтау саласындағы синергия: медициналық кадрларды даярлауды жақсарту жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелдің ұйымдастырушылары: «Медицина» факультетінің деканаты, «Интернатура және түлектерді жұмысқа орналастыру» декананты, «Резидентура» деканаты, «Ғылыми-клиникалық жұмыстар, докторантура және магистратура басқармасы», «Құзыреттілік және қосымша кәсіби білім беру орталығы» және "ОҚМА"АҚ басшылығы.
Дөңгелек үстел жиынына қатысушылар саны 67-ден асты. Олардың ішінде: Шымкент қаласы, Түркістан облысы практикалық денсаулық сақтау басшылары, "ОҚМА" АҚ басшылығы, профессорлық-оқытушылық құрамы (оффлайн) және Павлодар, Қызылорда,СҚО және Атырау облыстарының тәжірибелік денсаулық сақтау басшылары болды.
Дөңгелек үстелдің мақсаты - қазіргі жағдайда ғылыммен және тәжірибемен интеграциялау арқылы медициналық білім беру сапасын арттыру, жұмыс берушілердің сұраныстары мен еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, БББ бірлесіп әзірлеу, сондай-ақ түлектерді жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау.
ЖОО мен жұмыс берушілердің өзара іс-қимылы ЖОО қызметінің сапасы мен сенімділігінің маңызды көрсеткіші, оның білім беру нарығы мен еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігінің аса маңызды критерийлерінің бірі болып табылады.
Дөңгелек үстел-бұл мүмкіндіктерді іске асыруға арналған алаң:
• жұмыс берушілер үшін: тәжірибелік қызметке даярланған жас мамандарды алу, оларды даярлау процесіне қатысу және оларды даярлау сапасына ықпал ету мүмкіндігі;
• ЖОО үшін: білім беру процесін және өндірістік практиканы сапалы ұйымдастыру мүмкіндігі, сондай-ақ білім алушының одан әрі жұмысқа орналасуы.
Дөңгелек үстелдің модераторы оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор, м.ғ.д., профессор М. У.Анартаева болды.
Дөңгелек үстелді арнайы алғы сөзбен "ОҚМА"АҚ ректоры Ж.С.Сейтжанова ашты. Ары қарай сөз кезегі, Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Н.А.Асылбековке берілді.
Дөңгелек үстел барысында тәжірибелік денсаулық сақтау үшін әртүрлі деңгейдегі мамандарды даярлау бойынша білім беру бағдарламаларын жетілдіру және түлектердің сәтті жұмыс істеуі үшін қажетті құзыреттер, сондай-ақ тәжірибелік денсаулық сақтау саласы мен академияның оларды дамытуға болатын өзара іс-қимыл форматтары талқыланды.
Дөңгелек үстелге қатысушылар осындай іс-шараларды өткізудің өзектілігі мен маңыздылығын растады, жоғарыда аталған мәселелерді әрі қарай талқылауға жоғары қызығушылық танытты және Академиямен ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді. Олар мамандарды сапалы даярлау шарттарының бірі тек өзара іс-қимыл ғана емес, академияның жұмыс берушілермен тығыз ынтымақтастығы, яғни барлық мүдделі тараптардың іс-қимылдарының келісілуі, олардың арасында өзара түсіністіктің болуы және жағдайдың жалпы көрінісін жасауға ұмтылу болып табылатынын атап өтті. Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қарар (резолюция) қабылданды:
1. Жұмыс берушілердің қатысуымен Медицина, Педиатрия, Стоматология, Мейіргер ісі, Қоғамдық денсаулық, Медициналық профилактикалық іс, магистратура, докторантура білім беру бағдарламаларын жаңарту және іске асырылуын үнемі жетілдіріп отыру
2. Жұмыс берушілердің ұсыныстарын ескере отырып, элективті пәндер каталогын өзектендіру.
3. Білім беру бағдарламаларының түлектерді даярлау моделін қабылдау.
4. Түлектерді жұмысқа орналастыруға тұрақты мониторингі жүргізу және жұмыспен қамтуды ынталандыруда жұмыс берушілермен тығыз өзара іс-қимылды қамтамасыз ету.
5. Медицина, Педиатрия, Стоматология, Мейіргер ісі, Қоғамдық денсаулық, Медициналық профилактикалық іс, магистратура, докторантура білім беру бағдарламаларының миссияларын мақұлдау.
6. Резидентура деңгейіндегі жаңа білім беру бағдарламаларын құрастыруда кәсіби стандарттарға сәйкестендіру.

27.01.2025, 13:56
310 қаралым