«Başhkent University» -інде тағылымдамадан өтуде
Ағымдағы жылдың сәуір айының 1-і мен 30-ы аралығында Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының 3-курс «Нейрохирургия» мамандығы бойынша резиденті Мырзахмет Тәурат Жүрсінәліұлы Анкара қаласындағы Başhkent университетінде клиникалық тәжірибеден өтуде.
Tағылымдамадан өту басталған күннен резидент клиникалық бөлімшелерде жұмыс істеп, науқастарды дәрігер-нейрохирургпен қарап, нейрохирургиялық ауруларды емдеудің озық әдістерімен танысуда. Бұл оның кәсіби дамуы үшін және Оңтүстік Қазақстан медициналык академия мен Başhkent университеттері арасындағы халықаралық байланыстарды нығайту үшін маңызды кезең.
ОҚМА ректоры Жанна Сейтжанова университеттің серіктесі Başhkent University ректоры, профессор Hakan Özkardeş мырзаға және барлық ұжымға біздің резидентті жылы қарсы алып, тәжірибеден жоғары деңгейде өтуіне жағдай жасағаны үшін алғыс білдірді. Академиялық серіктестіктің одан әрі дамып, бірлескен жобалардың сәтті жүзеге асуына жаңа мүмкіндіктер тудыратынына сенім мол.
Мырзахмет Тәурат: «Мультидисциплинарлық командада жұмыс істеу, науқастарды дәрігер-нейрохирургпен қарау, клиникалық талқылауларға қатысу және операцияларды бақылау менің клиникалық ойлау қабілетімді кеңейтуге және практикалық дағдыларымды нығайтуға мүмкіндік берді. Сондай-ақ, медициналық жабдықтың жоғары деңгейін, жұмыс үдерісінің нақты ұйымдастырылғанын және науқастарға деген мұқият көзқарасты ерекше атап өткім келеді. Тағылымдамадан өту мәдениет-аралық коммуникацияны дамытуға және шетелдік әріптестеріммен тәжірибе алмасуға тамаша мүмкіндік болды» дейді.
