Балалық шақ - алтын уақыт

2025 жылдың 27-ақпанында «ЖТД-3» кафедрасының ассистенті, топ тәлімгері Онласбекова Г.М. жетекшілігімен ІЖТДҚ-18-23 интерн-дәрігерлерімен бірлесе Шымкент қаласындағы «Білім орда» Дарын мектебіне 7-ші сынып оқушылары арасында «Бақытты балалық шақ», «Зорлық зомбылықсыз жас ұрпақ», «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» тақырыптарында семинар өткізілді.
Мақсаты: «Балалық шақ – алтын уақыт» туралы ұғымының мәнін түсіндіре отырып, оқушыларға өз сенімдерін еркін білдіруге үйрету, өз шекарасын нақтылай алу, бөгде адамдарға қарым-қатынасқа түспеу керек екенін ұғындыру.
Бала тәрбиесінде- отбасы ең үлкен мықты тәрбие ошағы. Жас ұрпақтың адамдық қасиеттері мен әдептілігі, оның болашақта қандай адам болуы өзі туылған отбасында алған тәлім-тәрбиесі мен ондағы қарым-қатынасқа тікелей байланысты. Өйткені ата-ана – басты ұстаз. Баланың заманына лайық азамат болып өсуі – алдымен ананың ақ сүтімен абзал тәрбиесінің жемісі.
Іс-шараның соңында оқушылармен кері байланыс жүргізілді, оқушылар өздері қызығушылық танытқан сұрақтарын қойып, өздеріне қажетті жауаптарын алды.
Мектеп әкімшілігі тарапынан іс шараны өткізген дәрігер-интерндерге және кафедра ұжымына зор ризашылықтарын білдірді.

03.03.2025, 10:55
135 қаралым