Қазақстан Республикасының терапевтерінің IV съезді мен кардиологтарының VII конгресі 2015 ж. маусым айының 2-сі мен 5-сі аралығында Алматы қаласында өтті

574 1 1

Форумда терапевттік және кардиологиялық қызметті ұйымдастыру сұрақтары; терапевттік және негізгі жүрек-қантамыр ауруларының  диагностикасы, емі және алдын алуының жаңа медициналық технологиялары; БМСК деңгейінде емдік-диагностикалық көмек көрсету; негізгі кардиологиялық және терапевттік аурулардың реабилитациясы мен алдын алу мәселелері талқыланды.

574 2 2

Конференция бағдарламасына 145-тен астам баяндамалар енгізілген, делегаттар саны 400 адамға жуық. Форумның жұмысына алыс және жақын шет елден, ТМД мемлекеттерінен алдыңғы қатардағы ғалымдар, ҚР барлық аймақтарының денсаулық сақтау басшылары, басты маман кардиологтар мен терапевттер қатысты.

574 3 3

ОҚМФА атынан форумға ҚР терапевттер қауымдастығының президиум мүшелері м.ғ.д., профессор Бекмурзаева Э.К., профессор м.а. Қауызбай Ж.Ә. қатысты. Терапия бакалавриат кафедрасының профессор м.а. Қауызбай Ж.Ә. және доцент Сейдахметова А.А. баяндама жасады.

574 4 4

Форум соңында денсаулық сақтаудың негізгі мәселелері аталып, ҚР кардиологиялық және терапевттік қызметті жетілдіру жолдары анықталып, резолюция қабылданды.

17.06.2015, 03:15
505 қаралым