Қазақ хандығының құрылуына 550 жыл

603 1 1

2015 жылдың 11 қыркүйегінде  «Дәрілер технологиясы» кафедрасы ОҚМФА кәсіподағымен бірлесіп Ж. Шанин атындағы Қазақ драматургиялық театрына кураторлық топ студенттерімен «Абылай хан» атты қойылым тұсаукесеріне барып қайтты.  Бұл қойылым режиссер, халық әртісі, ҚР өнеріне еңбек сіңірген  Ергали Уразамбетовтың және Қазақ хандығының құрылуына 550-жылдыққа арналған  Иран Ғайыптың «Жабек-Шаған» пьесасы бойынша қойылған. 

603 2 2

Бұл қойылымда XVIII ғасырдың тарихын Жоңғар мемлекетінің соңғы күндерін, Абылайдың жас шағын, оның тұлға ретінде қалыптасуын  бейнелейді. Қойылым тек Абылай туралы ғана емес, жалпы адамдардың қарым- қатынасы, әлемдегі мықты адамдардың әлсіздігі, жаугершілік күш және қантөгіс соғыс туралы болды.

28.09.2015, 22:51
408 қаралым