Астана қаласындағы Парламент мәжілісіне экскурсия
2025 жылдың 24 ақпан күні ОҚМА АҚ студенттік өзін өзі басқару ұйымы Болашақ академиялық жастар орталығының белсенді студенттері Астана қаласы Парламент мәжілісіне экскурсия жасады. Экскурсия барысында заң шығарушы орган болып табылатын Парламент мәжілісінің залында депутаттардың жұмысымен танысты. Орындықтарына отырып жұмыс барысын сезінді. Мемлекет басшысының басқаруымен өтетін жиынның қаншалықты маңызды екенін түсінді. Жастарға танымал жас депутат Даулет Мукаевпен кездесу мүмкіндігін алды.
Жас депутат өзінің еңбек жолындағы жетістіктерімен депутаттық дәрежеге қалай жеткендігін айтып жастарға белсенді болуға, отансүйгіштікке, еліне жаны ашитын патриот болуға шақырды. Белсенділерімізге осындай мүмкіншілік сыйлап отырған академия басшылығына жастар шексіз ризашылығын білдіріп, алғыстарын айтты.
