«Астана медицина университеті» -де АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ

Академиялық ұтқырлық шеңберінде 09.12.2024 ж. – 20.12.2024 ж. аралығында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру және қоғамдық денсаулық» кафедрасының меңгерушісі м.ғ.к., доцент Сарсенбаева Гульзат Жанабаевна «Астана медицина университетінде» КеАҚ күнтізбелік-тақырыптық жоспарға сәйкес «Қоғамдық денсаулық» білім беру бағдарламасының білім алушыларына дәрістер, практикалық және БОӨЖ сабақтар өткізді.
Практикалық және БОӨЖ сабақтар оқытудың инновациялық технологияларын, проблемалық оқыту элементтерін пайдалана отырып, мына тақырыптар бойынша: менеджменттің мәні мен категориялары, менеджменттің тиімділігі, менеджменттің қажеттілігі мен мәні, менеджменттің маңызды категориялары, менеджменттің басқару циклі, нарықтық экономика жүйесіндегі рөлі мен маңызы, сұраныс пен ұсыныс ұғымы тақырыптарында жоғары кәсіби деңгейінде өткізілді.
Дәріс барысында алған білімді бекіту және қалыптасқан білгірлігін өзектендіру үшін білім алушылармен кері байланыс орнатылды. Қойылған сұрақтарға толық жауап алған білім алушылармен алғыстарын айтып оң пікірлерін білдірді.
Сапар соңында оқытушылар жылы лебіздерін білдіріп, оқытушылар мен білім алушылардың академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде жоғары оқу орындарының одан әрі белсенді ынтымақтастығы туралы куәландырды.

26.02.2025, 17:43
211 қаралым