«Астана медицина университеті» - де АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ

Академиялық ұтқырлық шеңберінде 2023 жылғы 21.11.2023 ж. – 02.12.2023 ж. аралығында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру және қоғамдық денсаулық» кафедрасының меңгерушісі м.ғ.к., доцент Сарсенбаева Гульзат Жанабаевна «Астана медицина университетінде» КЕАҚ «Денсаулықты басқару негіздері» дисциплинасы бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспарға сәйкес «Қоғамдық денсаулық» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттеріне дәрістер, практикалық және БОӨЖ сабақтар өткізді.

Академиялық ұтқырлық іс сапар барысында дәріс, практикалық сабақтар және СОӨЖ өткізу, желтоқсанда өткізілген конференцияға модератор болу, сонымен қатар қоғамдық денсаулық сақтаудың өзекті тақырыптары бойынша бірлескен конференциялар құру болды.
Дәрісті «Қоғамдық денсаулық» кафедрасының жетекшісі м.ғ.к., асс. профессор Тургамбаева Асия Кайрбаевнамен бірлесе отырып кәзіргі заман талаптарына сай пікір талас түрінде өте тартымды өткізілді, яғни қос лектор дәріс оқыды.

Практикалық және БОӨЖ сабақтар оқытудың инновациялық технологияларын, проблемалық оқыту элементтерін пайдалана отырып, мына тақырыптар бойынша: менеджменттің мәні мен категориялары, менеджменттің тиімділігі, менеджменттің қажеттілігі мен мәні, менеджменттің маңызды категориялары, менеджменттің басқару циклі, нарықтық экономика жүйесіндегі рөлі мен маңызы, сұраныс пен ұсыныс ұғымы тақырыптарында жоғары кәсіби деңгейінде өткізілді.

Дәріс барысында алған білімді бекіту және қалыптасқан білгірлігін өзектендіру үшін студенттермен кері байланыс орнатылды. Қойылған сұрақтарға толық жауап алған студенттер алғыстарын айтып оң пікірлерін білдірді.
«Астана медицина университеті» КЕАҚ, және «ОҚМА» АҚ арасында ғылыми іс-шараларды ұйымдастыру жоспарлары жасалды. Ынтымақтастықтың, тәжірибе, білім алмасудың маңыздылығын атап өтіп, сертификат табысталды.
Сапар соңында оқытушылар жылы лебіздерін білдіріп, оқытушылар мен білім алушылардың академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде жоғары оқу орындарының одан әрі белсенді ынтымақтастығы туралы куәландырды.
«Астана медицина университеті» КЕАҚ «Қоғамдық денсаулық және менеджмент» кафедрасының жетекшісі м.ғ.к., асс. профессор Тургамбаева Асия Кайрбаевнаға өзінің тәжірибесімен бөліскен үшін алғысымды білдіремін.

07.12.2023, 16:33
203 қаралым