Академиялық қозғалыстылық бағдарламасы және бенчмаркинг бойынша СММУҚДС кафедрасының меңгерушісі З.А.Хисметова ОҚМФА ҚДС кафедрасына іс сапары

23.01.-31.01.2015 ж. аралығында оқытушылардың академиялық қозғалыстылығы шеңберінде Шымкент қаласының ОҚМФА №1 ҚДС кафедрасында СММУ-нің ҚДС кафедрасының меңгерушісі З.А.Хисметова іс-сапармен болды.  
Осы іс-сапардың негізгі мақсаты ҚДС мамандығының ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистранттарға дәріс оқу және тәжірибелік сабақтарды өткізу саясаты мәселелерінен бенчмаркинг жүргізу болды. Тәжірибе алмасу барысында екі кафедрада да, аудиторлық сабақ пен дәріс оқу әдістемелерінің оң жақтары анықталды, педагогикалық стратегияның қорлары талданды және болашақтағы әріптестік мүмкіндіктері анықталды.
Іс-сапардың соңында З.А.Хисметова Семей ММУ әкімшілігнде жүргізілген жұмыс жайлы есеп берді. Өткізілген бенчмаркинг нәтижесінде ЖОО арасындағы әріптестікті жалғастыру жайлы шешім қабылданды.
 
18.02.2015, 16:36
480 қаралым