Академиялық ұтқырлықтың білім сапасын арттырудағы рөлі

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының «Гигиена және эпидемиология» кафедрасы Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында 2025 жылдың 26 ақпаны мен 12 наурызы аралығында Самарқанд мемлекеттік медицина университетінің «Гигиена» кафедрасының аға оқытушысы, тәжірибелі дәрігер гигиенист-эпидемиолог Зокир Каримович Буляевты қабылдады. Осы уақыт аралығында Зокир Каримович «Стоматология» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттеріне «Гигиена және эпидемиология» пәнінен дәрістер оқып, өз саласындағы терең білімін және мол тәжірибесін студенттермен бөлісіп, оларды кәсіби тұрғыдан дамытуға ықпал етті. Сонымен қатар, ол студенттерге қазіргі гигиеналық және эпидемиологиялық мәселелерді шешуде қолданылатын заманауи әдіс-тәсілдерді таныстырып, ғылыми және практикалық жұмыстың маңыздылығын атап өтті.

17.03.2025, 11:01
80 қаралым