«АКАДЕМИЯ ТҮЛЕКТЕРІ ЖӘНЕ ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕР: БОС ЖҰМЫС ОРНЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ-2025»
27.02.2025 жылы «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ-да «Академия түлектері және жұмыс берушілер: бос жұмыс орны жәрмеңкесі» атты тақырыпта жұмыс берушілермен Республикалық деңгейде дәстүрлі форматта жәрмеңке өтті. Биылғы жылы Қазақстанның барлық шалғай облыстары мен қалаларынан: Солтүстік Қазақстан облысы, Павлодар қаласы, Маңғыстау, Ақтау қалалары, Атырау облысы, Абай, Ұлытау, Қарағанды облыстары, Теміртау, Степногорск, Балқаш қалалары, Жамбыл облысы, Жаңатас қаласы, сонымен қатар Түркістан облысы және Шымкент қаласынан 45-тен аса жұмыс беруші қатысты.
Жәрмеңке ұйымдастырушысы: интернатура және түлектерді жұмысқа орналастыру деканаты.
Жәрмеңкенің мақсаты - қазіргі жағдайда жұмыс берушілердің сұраныстары мен еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, түлектерді жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау.
Жәрмеңкенің модераторы интернатура және бітірушілерді жұмысқа орналастыру деканатының деканы, PhD К.С.Кемельбеков болды. Алдымен жәрмеңкені салтанатты түрде ашу үшін сөз кезегі «ОҚМА» АҚ проректоры, профессор М.У.Анартаеваға берілді.
Проректор, профессор М.У.Анартаева өз сөзінде тәжірибелік денсаулық сақтау үшін әртүрлі деңгейдегі мамандарды даярлау бойынша түлектердің сәтті жұмыс істеуі үшін қажетті құзыреттер, сондай-ақ тәжірибелік денсаулық сақтау саласы мен академияның оларды дамытуға болатын өзара іс-қимыл форматтары талқыланды.
2024-2025 жылы интернатура деңгейі бойынша бітіруші түлектер саны:
• «Жалпы медицина (Жалпы тәжірибелі дәрігерлер)» білім беру бағдарламасы бойынша – 183;
• «Стоматология» білім беру бағдарламасы бойынша – 55;
• «Педиатрия» білім беру бағдарламасы бойынша - 8.
2024-2025 жылы резидентура деңгейі бойынша 23 білім беру бағдарламалары бойынша бітіруші түлектер саны: 144.
Жәрмеңкеге қатысушы жұмыс берушілер кезегімен сөз сөйледі және қысқаша баяндамларын жасады. Жәрмеңкеге қатысушылар осындай іс-шараларды өткізудің өзектілігі мен маңыздылығын растады, жоғарыда аталған мәселелерді әрі қарай талқылауға жоғары қызығушылық танытты және Академиямен ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді. Ары қарай, жәрмеңкенің екінші бөліміне сәйкес жұмыс берушілер өз орындарына жайғасып, бітіруші түлектермен өз жұмыс орындарына жұмысқа тарту бойынша талқылаумен мен кездесулер жүргізілді.
Жәрмеңке соңында қорытынды жасалды және жұмыс берушілердің ұсыныстары тыңдалды.
«Жалпы медицина» білім беру бағдарламасы бойынша дәрігер интерндердің 62- «Балқаш» қаласынан, 24- «Атырау» облысы, 14- СҚО келген, қалған 36 дәрігер-интерндер өзге облыстар мен қалалардан келген жұмыс берушілерге келісім шарттар жасасуға қызығушылықтарын танытты. «Стоматология» білім беру бағдарламасы бойынша дәрігер-интерндер Шымкент қаласы мен Түркістан облысы бойынша жұмыс берушілермен, ал резиденттер барлық қалалар мен облыстар бойынша жұмыс берушілермен келісім шарттар жасасуға өз қызығушылықтарын білдірді. Бұның өзі біздің Академиямыздың бітіруші түлектеріне деген сұраныстың жоғары деңгейде екенін көрсетеді. Аталған жәрмеңкеге «Ontustik» телеарнасы қатысып, Академия ұжымы мен жұмыс берушілерден сұқбаттар алынды.
