Абу Али Ибн Сино атындағы Бухара мемлекеттік медицина институтындағы білім алушылардың академиялық ұтқырлығы
Сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында 2025 жылдың 10 наурыз бен 1 сәуір аралығында Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының 6В10101 – Жалпы медицина білім беру бағдарламасының 4-курс студенттерінен құралған В-ЖМОБ-08-21 тобы Бұхара қаласындағы Абу Али Ибн Сина атындағы Бухара мемлекеттік медицина институтында «Гинекология» пәні бойынша сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасынан өтіп қайтты.
Біздің білім алушылар оқу үдерісінің ұйымдастырылу деңгейіне, профессор-оқытушылар құрамының жоғары кәсібилігіне, озық медициналық технологиялардан ерекше әсер алды. Бағдарламаның практикалық бөлігінде студенттер Бухара қаласының жетекші медициналық мекемелеріне барып, олардың жұмысымен танысу мүмкіндігіне ие болды. Олардың қатарында Бұхара қалалық көпсалалы клиникасы, Бұхара облыстық ауруханасы және Бұхара мемлекеттік медицина институтының медициналық зерттеу клиникасы бар.
Тығыз сабақ кестесіне қарамастан, білім алушылар Бұхараның мәдени және тарихи мұрасымен де таныса алды. Оларға «Пои-Калян» тарихи-сәулет кешені, көне цитадель Арк, Ляби-Хауз, сондай-ақ Улугбек пен Абдулазиз-хан медреселері ұмытылмас әсер қалдырды.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы білім алушыларға халықаралық білім беру ортасында оқудың құнды тәжірибесін сыйлап, олардың кәсіби және мәдени өрісін кеңейтті.
