“Абай ғибратнамасы” кітабының тұсау кесері

«Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының доцент м.а. Туребаев Омаркул Акимбаевич Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында профессор, филология ғылымдарының докторы Серік Негимовтың “Абай ғибратнамасы” кітабының тұсау кесер рәсіміне қатысты. Профессор Серік Негимовтың «Абай ғибратнамасы» еңбегінде хакімнің даналық болмысы, лидерлік мінезі, харизмалық тұлғасы, патриоттық ой-тұжырымдары жарқын көрініс тапқан. Кітап төрт тараудан тұрады: «Мінез – сауыт», «Сөз келісі», «Ар ойла», «Шын ақыл». Онда Абай еңбектерінің ерекшеліктері ғылыми тұрғыда жан-жақты талданады. Сонымен қатар, қазақ сөз өнерінің дамуын қалыптастыруда Абай шығармаларының өзектілігін көрсетуге бағытталған. Тұсаукесер рәсімде сөз алған ғалымдар автордың отандық ғылымды дамытуға қосқан үлесі жайлы айта келіп, бұл еңбек білім алушы студент, магистрант, докторанттар мен гуманитарлық сала мамандары үшін таптырмас құрал екенін жеткізді.
Мерекелік кеште қазақтың зиялы қауым өкілдері мен қалалық білім саласының ұстаздары, мәдениет өкілдері мен кітапханашылар, БАК өкілдері қатысты.

08.12.2023, 12:38
157 қаралым