Ақ жол, ақ халатты жас түлек!

588 1

2015 жылдың 07, 08 және 10 шілде күндері аралығында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармецевтика академиясының Фармацевтикалық және Медициналық факультеттерінің бітіруші түлектеріне диплом беру рәсімі үлкен мәжіліс залында ОҚМФА-ның оқу-әдістемелік және тәрбие жөніндегі проректоры, М.Ұ.Анартаеваның қатысуымен салтанатты түрде өткізілді.

588 2

Барлық бітіруші түлектер «ДӘРІГЕРЛІК АНТ» қабылдады. «Фармация» мамандығы  бойынша 141 маманды даярлап шығарылды, оның ішінде 17 студент үздік дипломмен оқуларын аяқтады.

588 5

 

«Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша 242 маман даярлап шығарылды. Оның ішінде 7 студент үздік дипломмен, «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша 139 маман даярлап шығарды. Оның 7 студенті үздік бітіруші деп танылды.

Биылғы жылы медициналық факультетте алғаш рет «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша 9 түлек бітіріп, салтанатты түрде диплом табысталды.

Салтанатты іс-шара барысында  ОҚМФА оқу-әдістемелік және тәрбие жөніндегі проректоры М.Ұ.Анартаева өзінің құттықтауларын айтып, үздік диплом иегерлерінің дипломдарын табыстады. 

588 3

Бітіруші белсенді түлектерді студенттік кәсіподақ ұйымы тарапынан «Алғыс хатпен» және сыйлықтармен марапатталынды.

Салтанатты жиынның соңы тәрбие ісі бөлімінің ұйымдастыруымен концерттік бағдарламаға жалғасты.

588 4

Дайындаған: Тәрбие ісі бөлімі

14.07.2015, 04:17
489 қаралым