7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні

Дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен 7 сәуір - Дүниежүзілік денсаулық күніне орай, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында алыс шетел топтары арасында спорттық жарыстар өтті. Жарыста қазақ ұлтының ойындары ойнатылды. Атап айтар болсақ «асық ату», «ләңгі тебу», секіргішпен секіру сынды ойындардан білім алушылар бақтарын сынады.
Жарыс өте қызықты, тартысты өтті. Бұл іс-шараның мақсаты – білім алушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бірлік пен достықты нығайту, ұлттық ойындарды насихаттау болып табылады.

08.04.2025, 17:46
133 қаралым