17 қараша – халықаралық студенттер күні
2018 жылдың 15 қарашасында ОҚМА мәжіліс залында Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен халықаралаық студенттер күніне орай «Ғасырлар мұрасы» тақырыбында Интеллектуалды ойын өткізілді.
Ойын алдында басқарма басшысы Сәлім Е. академияның қоғамдық жұмыстарына белсенді араласып жүрген студенттерді алғыс хат пен бағалы сыйлықтармен марапаттады.
Байқау 4 турдан тұрды: 1. блиц-турнир, 2. еркін тақырыптағы сұрақтар, 3. кілт сөздерден тұратын сұрақтар, 4. ситуациялық тапсырмалар.
Интеллектуалды ойынның мақсаты:
1. логикалық ойлауды дамыту;
2. білімге деген қызығушылықты арттыру;
3. студенттер арасында достық сезімді қалыптастыру;
Ойынға келесі топтар қатысты:
1. «Киношниктер»
2. «Chinese»
3. «Belluci»
4. «Blue water»
5. «Черная жемчужина»
6. «KazMSA»
Қатысушылар мен қолдаушылар сұрақтарға үлкен қызығушылықпен жауап іздеп көп адамға бұл олимпиада өзінің білімі мен ортасын, ой-өрісін кеңейтуге өз септігін тигізді.
Ойын қорытындысы бойынша жүлделі бірінші орынды - «Blue water» тобы, екінші орынды - «Черная жемчужина» тобы, үшінші орынды - «Belluci» тобы иеленді. Жеңімпаздар грамоталар мен ақшалай сыйлықпен, қалған қатысушылар да сыйлықтармен марапатталды.
Мереке мұнымен аяқталған жоқ. Ол студенттер жатақханасында жалғасып, дәстүрге сай студенттер тегін азық – түлікпен қамтылды.
