15 ақпан Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерінің шығарылған күніне орай өткізілген «Ауған тауларының жаңғырығы» патриоттық кеші

Қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасының аға оқытушысы А.С.Жакипова ВМ-СОА-06-24 топ студенттерімен Қалалық жастар кітапханасында өткен «Ауған тауларының жаңғырығы» ауған соғысы ардагерлерімен өткен кездесуге қатысты. Кездесуге ауған соғысының ардагерлері: сержант Тлемесов Түймебек, Касымов Марклен, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы 6698 әскери бөлімінің тәрбие бөлімшесі бастығының аға көмекшісі капитан Малика Серікбайқызы қатысты. Кездесу барысында ардагер ағалар өз естеліктері мен сол уақыттағы қиын кезең сәттері жайында естіліктерімен бөлісті. Сонымен бірге бейнефильм көрсетіліп, соғыс кезінде опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етіп, 1 минуттық үнсіздікпен еске алды. Кеш барысы соғыс ардагерлері мен опат болған жауынгерлердің рухына тағзым ету, есімдерін қастерлеу көрермендер мен жастарға үлкен ой салып, жастарға сырлы сезімдер сыйлады.

14.02.2025, 15:56
211 қаралым