1 наурыз – Алғыс айту күні
«1 наурыз Алғыс айту – күні» 2025 жылдың 01 наурыз күні Шет тілдері кафедрасының ұйымдастыруымен «1 наурыз – Алғыс айту» күніне орай тәрбие сағатын өткізіп, видеоролик түсірдік. Студенттер мереке күнінің шығу туралы Қазақстандықтардың мерейі үстем болып, бір біріне деген достығы, махаббаты, береке-бірлігі туралы ойларын білдірді! Алғыс айту күні – күрделі заманды иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматттарының бір-біріне құрмет білдіретін күн. Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымның белгісі.Әрдайым мейірімді болайық, бауырмал болайық! Мереке құтты болсын!
