«1 наурыз Алғыс айту – күні»
2025 жылдың 28 ақпан күні ОҚМА үлкен мәжіліс залында Жастар саясаты бөлімінің ұйымдастыруымен «1 наурыз – Алғыс айту» күніне орай факультетаралық «Ұлттар байқауы» өтті.
Аталған байқау мақсаты - жас өнерпаздарды анықтау, дарынды жастарға қолдау көрсету, студенттердің бір-біріне деген достық, сыйластық сезімдерін арттыру. Алғыс айту күні еліміздегі барлық этностардың ортақ тарихына құрмет білдіретін күн. Бұл – күн достықтың өзара сыйластықтың және мейірімнің мерекесі. Байқауда «Үздік Ұлттық ән», «Үздік Ұлттық би», «Үздік поэзия», «Үздік Ұлттық киім», «Үздік Ұлттық тағам» номинациялары бойынша бақ сынасқан студент жастар ерекше белсенділік танытып, факультеттер намысын жоғары дәрежеде қорғап шықты. Әділ қазы алқаларының құрамында Ішкі саясат жастар істері жөніндегі басқармасының Жастар ресурстық орталығының психологы Сайдахан Жібек Мұратқызы, Интернатура және бітірушілерді жұмысқа орналастыру деканатының деканы Кемельбеков Қ, ОҚМА АҚ жанындағы медицина колледжінің директоры А.Кушкарова, Оқу-әдістемелік орталық басшысы Долтаева Б және комплаенс офицер Пернебаев Н төрелік жасады.
Байқау қорытындысы бойынша «Үздік Ұлттық ән» номинациясын Халықаралық факультет студенттері, «Үздік Ұлттық би» номинациясын Фармация факультеті студенттері, «Үздік поэзия» номинациясын Медицина факультеті студенттері, «Үздік Ұлттық киім» номинациясын Жатақхана студенттері, «Үздік Ұлттық тағам» номинациясын Жатақхана студенттері иеленді. Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының студент жастары өздерінің медицина саласында ғана емес, өнерде де талантты екендіктерін дәлелдеп шықты.
Әрдайым мейірімді болайық, бауырмал болайық! Мереке құтты болсын.
