1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні

2024 жылдың 30 сәуір күні ОҚМА жанындағы медицина колледжінің Жалпы білім беретін пәндер кафедрасы «1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні» атты мерекесін атап өтті. Әлемде 256 ұлт бар, соның 137- дан астамы Қазақстанда тату-тәтті өмір сүріп, тіршілік кешіп жатыр. Бір шаңырақтың астында өмір сүріп жатқан - қазақ, орыс, қырғыз, өзбек, татар, ұйғыр, шешен, азербайжан, кәріс ұлттарының білім алушылары Қазақстан халқы Ассамблеясы ішіндегі мұражайды тамашалап, өз өнерлерін ортаға салды. Осыншама ұлт пен ұлыстың тілін тауып, бірлік пен ынтымақта ұстап отырған еліміз ұлтаралық татулық пен бірлікті басым саясатының бірі ретінде ұзақ жылдардан бері ұстанып келеді. Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен кафедра меңгерушісі А.Т.Сатаев құттықтап, жылы лебізін білдірді.
Біз бейбітшілік өмірді қалаймыз!

03.05.2024, 11:32
87 қаралым